Құқық

Ұрлықшы ұсталды

Қалада қалта мен сөмкеден ақша ұрлайтындар көбейген. Қоғамдық көлікте сақ жүрмесеңіз, ұрылар әмияныңызды қолды қылуы мүмкін.

Жақында Жанқожа батыр көшесінің бойындағы  «Сапаржай»  аялдамасында  №28 бағыттағы автобуста  26 жастағы ақтөбелік тұрғынның сөмкесінен әмиян ұрланған. Ішінде ақшасы және банк карталары мен жеке куәлік болған. Полиция қызметкерлері жедел іске кірісіп, нәтижесінде Қандыағаш қаласының 32 жастағы тұрғынын ұсталды. Күдікті қылмысын мойындады. Ұрланған заттар тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button