Экономика

Ателье ашқан Айсұлтан

«Жас кәсіпкер» түлегі, қандыағаштық Айсұлтан Рахмет тігін ательесін ашты. Жас жігіт — отбасылық бизнестің жалғастырушысы.

— «Жас кәсіпкер» жобасында білім алған соң, тігін ательесін ашамын деген ойға келдім. Өйткені бала кезімнен осы кәсіпті көріп өстім. Ненің, қалай екенін білемін. Анам — кәсіби тігінші.

Қажетті аумақты жалға алдық. Ал жабдықтарды, атап айтсам, тігін-өнеркәсіптік машина, пішу машинасы және зигзаг машинасын гранттық қаражатқа сатып алдым, — дейді Айсұлтан.

Ательесінде негізінен ұлттық киімдердің тігілетінін айтқан ол, сондай-ақ, қыздың жасауын дайындауға да дәйім сұраныстың барын қосты. Айсұлтан Рахметтің өзі жас талаптарға осындай мүмкіндік жасаған мемлекеттік бағдарламаларға рақметін айтып, ризашылығын білдірді.

Ресми дерекке көз жүгіртсек, «Жас кәсіпкер» жобасына облыста 1100 адам қатысып, соның ішінде 454-і грантқа ие болыпты. Ал 5 жас кәсіпкер жалпы сомасы 219 миллион теңгеге жеңілдікпен несие алған екен.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button