Пікір

Қазақ халқының қамқорлығын ұмытпауымыз керек!

Анастасия ПОДОЛЬЯНОВА,

«Вяра» Ақтөбе облысы болгар этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.  

Жамбыл облысының Қордай ауданында болған жағдай қай-қайсымыздың да қабырғамызды қайыстырды. Бір атадан ала да туады, құла да туады. Тіпті аталас ағайындар арасында да келіспеушілік, алауыздық болып жатады. Кезінде Алаш зиялылары халықты шындықпен тәрбиелеп, ақиқаттан ажырамауға шақырған болатын. Шынында да, ақиқаттан адасу адам баласын ессіздікке итереді, ессіздік ақылдан адастырады. Бұл жерде ақиқат деп нені айтып отырмыз?

Ақиқат — қазақ халқының бауырмалдығы, кезінде біздің ата-бабаларымызбен бір үзім нанды балаларының аузынан жырып алып, бөлісіп жегендігі, төрінен орын бергендігі. Осыны біз ұмытпай, үнемі ұрпағымыздың зердесіне құйып отыруымыз қажет. Ал ел ішінде ақылынан адасып, елдік сананың іргесін өз қолдарымен сөккелі жүргендер ар алдында да, заң алдында да жауап беруі тиіс.

Бүгінгі күні әлем көз тігіп отырған мемлекетіміздің іргесінің мықты болуы үшін бірлігіміз, ауызбіршілігіміз мықты болып, бір-бірімізді қадірлей білуіміз қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button