Экономика

Көкөніс: тауар интервенциясы жасалды 

Баға

«Ақтөбе» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы Ақтөбе қаласында көкөніс бағасын тұрақты ұстап тұру үшін тауар интервенциясын жасады. Сондықтан қаланың тұрақтандыру қорындағы картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат пен күнбағыс майы саудаға шығарылды.

Қазіргі күні 400 тонна картоп, 35 тоннадан сәбіз бен қырыққабат, 60 тонна пияз және 30 тонна күнбағыс майы қаладағы «Табыс» коммуналдық және шағын базарларда, әлеуметтік дүкендерде төмен бағамен сатылып жатыр. Атап айтқанда, картоп пен сәбіздің келісі 70 теңгеге бағаланса, пияздың келісі  55 теңгеден, қырыққабаттың келісі 75 теңгеден, күнбағыс майының литрі 300 теңге тұрады.

Тұрақтандыру қорына биыл барлығы 1400 тонна картоп, 100 тонна сәбіз,100 тонна қырыққабат, 200 тонна пияз салынды.  «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының агроөнеркәсіп кешені басқармасының басшысы Ермек Батиновтің айтуынша,  өткен жылға қарағанда биыл картоптың көлемі 400 тоннаға, қырыққабаттың көлемі 20 тоннаға артық. Қордағы көкөніс өнімдері  «Пригородный» шаруашылығында өсірілген. Келісім бойынша аталған шаруашылық өнімді қыс бойы өз қоймасында сақтайды.

Тұрақтандыру қорын жасақтау үшін 2018-2021 жылдарға жергілікті бюджеттен

309 млн теңге бөлінді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button