Білім

Кітапхананың күнтізбесі

Облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы 2011 жылға арналған атаулы күндер күнтізбесін құрастырып шығарды.

Күнтізбе Қазақстан Республикасы бойынша және алыс және жақын шет елдерде аталып өтілетін және еске алынатын күндерге, атаулы күндерге, 2011 жылғы мерейтойлық кітаптарға арналған бөлімдерден тұрады.

Күнтізбеге қазақстандық, ресейлік және шетелдік көрнекті әдебиет пен өнер  қайраткерлері, сонымен бірге республикамыздағы ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және халықаралық  мерекелер енгізілді.

Күнтізбені  құрастыру барысында белгілі жерлестеріміздің  мерейтойлары  қамтылды.

Жасөспірімдерге қызмет көрсететін кітапханашыларға және басқа да мамандарға 2011 жылы көпшілік шараларды ұйымдастыруда, библиографиялық анықтамаларды нақтылауда, оқырмандарға ақпарат беру секілді шараларда осы күнтізбе көмек көрсететініне сеніміміз мол.

Біздің кітапхананың электронды поштасы: labrari@mail.ru, сайты: www.aktobeoub.kz

Ә.АРЫСТАНБАЕВА,

кітапхананың әдістеме-библиография бөлімінің маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button