Басты жаңалықтарРухани жаңғыру

Бас ақынның бейнесі — портреттерде 

Акция

Облыстық өнер музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Big бояу» атты арт-акцияның қорытынды көрмесінің ашылуы өтті.

Шараның тақырыбы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды. Көрмеге бас ақынның портреті, «Желсіз түнде жарық ай», «Дала рухы», «Ойлау», «Ғашықтық жарасы», т.б.ақтөбелік  кәсіпқой және жас суретшілердің  жұмыстары қойылды. Олардың арасында Манас Қожағұлов, Ирина Құрманалина, Қайрат Ноғаев, Евгения Сухотина, Әлімжан Ибраев, Рахымжан Бекеев, Бауыржан Қуаныш, Айдар Еспаев, т.б. бар.

Ашылу рәсімінде аталған музей директоры Марат Ғабдрахманов үздік өнер көрсеткені үшін қылқалам шеберлерін құттықтап, сертификатпен марапаттады.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button