Экономика

Ақтөбе облысы мен Хорватия арасындағы әріптестік қатынас нығаяды

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Хорватия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті.
Кездесу барысында Ақтөбе облысы мен Хорватия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайы талқыланды.
— Биыл 20 қазанда біздің елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 27 жыл толды. Екі ел арасындағы ерекше қарым-қатынас пен достастықтың белгісі ретінде биыл ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Хорватия Республикасының Елшілігі ресми түрде ашылды. Сіздің Төтенше және өкілетті елші лауазымына тағайындалуыңыз жемісті ынтымақтастықтың кепілдігі болатынына сенемін.
2015 жылы Ақтөбе қаласында Хорватия Республикасының құрметті консулдығы ашылды. Бұл екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін өте маңызды қадам екендігін атап өткен жөн. Біз шын мәнінде барлық бағыттағы, әсіресе, мәдениетаралық және әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың даму қарқынын жақсартқымыз келеді, —деп атап өтті өңір басшысы.
Өз кезегінде Рефик Шабанович екі ел арасында маңызды және перспективті серіктестік орнағанын, Ақтөбе өңірінде жаңа инвестициялық жобалар ашу жөнінде жұмыстар жасалатындығын айтты.
Оңдасын Оразалин сондай-ақ Ақтөбе минералды-шикізат пен электр энергиясы, газға әлеуетті өңір екенін жеткізе келе, соңғы 5 жылда облыстың негізгі капиталына салынған инвестициялар шамамен 1,7 трлн теңгені құрап, оның 639 млрд теңгесі тікелей шетелдік инвестициялар үлесіне тиесілі екендігін айтты.
— Бүгінгі кездесуіміз және жалпы Сіздің жұмыс сапарыңыз Ақтөбе облысы мен Хорватия Республикасы арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді деп сенемін, — деді облыс әкімі.
Айта кетейік, 2019 жылдың 8 айында Ақтөбе облысы мен Хорватия Республикасы арасындағы тауар айналымы 545 мың АҚШ долларын құрады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button