Пікір

Ықылас пен ықпал

Мәди АЙЫМБЕТОВ, жазушы:

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Сейілұлының қолдауымен Жазушылар одағының Ақтөбе облыстық филиалының ұсынысымен бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылып жатыр екен. Соның бірі — республикалық әдеби форум. Оның өзі Жазушылар одағының құрылғанына 85 жылдық мерейтойымен үйлестіріліпті.

Форум бағдарламасы да көңілге қонымды. Жан-жақтан бас қосқан ақын-жазушылар әдеби өмір мен нақты өмірдің байланысын зерделеп, бірімен-бірі жүздесіп, пікірлесіп, бір жасап қалатын болды.  Форум аясында қазақ әдебиетіне өзіндік үлкен қолтаңбасын қалдырған, классик, сөз зергерлері Ізтай Мәмбетовтің — 90, Сағи Жиенбаев пен Тобық Жармағамбетовтің 85 жылдық мерейтойларын да атап өту орайластырылыпты.

Ақтөбе ақын-жазушыларының шығармашылығын «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен елу томдық етіп жинақтап шығарды. Бұл да құптарлық іс. Әсіресе, ел ішінде жүрген ақын-жазушылар, танылмай жүрген жастар қолдаушысын тауып, жарыққа шығып жатқаны қуантады. Сондай-ақ, Жастар жылы аясында он жас қаламгердің қанатқақты кітаптары жарық көріпті. Мұны да естіп-біліп отырмыз.

Келесі жылы Ақтөбеде Әдебиетшілер үйі салынатынын естіп, бұл өңірде қаламгерлерге облыс басшылығы тарапынан ықылас барына қуанып қалдым.

Ақтөбеде өтетін республикалық әдеби форум тек науқандық сипат алмай, тұрақты өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Қаламгерлер бас қосқан форум әр қатысушыға өз әсерін, ықпалын тигізер деп ойлаймын.

Астана қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button