Әдебиет

Әдебиет кең жолға жетелейді

Жүздесу

Ақтөбеге жемқорлық тақырыбындағы кітаптардың авторы Жан Ақжанов жұмыс сапарымен келді.

«Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі күнің», «Путь врача», сондай-ақ «Степь и судьба» еңбектерінің авторы Жан Ақжанов алдымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұжымымен кездесті. Департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов жұмыс барысымен және жыл бойына атқарылған жұмыстар туралы айтып, департамент қызметкерлерімен таныстырды.

— Бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған «Халық игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою» бірыңғай миссиясы жүктелді. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Қазір біз өз жұмыстарымыздың нәтижелерін көріп отырмыз және бұл бізді одан да белсенді жұмыс істеуге ынталандырады, — деді департамент басшысы М.Мұхамбетов.

Жұмыс сапары барысында Жан Ақжанов М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің, сондай-ақ Ақтөбе қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерімен, жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов қатысты. Ол өз сөзінде еліміздегі жас ұрпақтың барлық бағытта дамуы, өсуі үшін барынша жағдай жасалғанын атап өтті.

— Біздің белгілі бір идеологиямыз болуы шарт. Батысқа еліктейміз деп, мәдениетіміз пен көркем әдебиетіміз ұмыт қалмауы керек. Оны ұғыну бізге дағдарыс пен өзгерістер дәуіріне төтеп беруге, өз дамуын белгілі жолмен жалғастыруға және бізді жаһандық әлемнің кең жолына шығаруға мүмкіндік береді, — деді Ж.Ақжанов өз сөзінде.

Күннің екінші жартысында Жан Ақжанов департамент өкілдерімен бірге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары және студенттерімен кездесті. Бұдан соң Ақтөбе медициналық орталығының базасында медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіп, өзінің «Дәрігер жолы» («Путь врача») атты кітабын таныстырды.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button