Мәдениет

Достықты ту еткен фестиваль

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының концерт залында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары арасында «Навеки вместе» фестивалі өтті.

Этносаралық ынтымақтастықты, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға этномәдени бірлестік төрағалары мен өкілдері, өнер ұжымдары қатысты.

Фестивальдің ашылуында облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева құттықтау сөз сөйледі.

Шарада «Славяне» этномәдени бірлестігінің жанынан құрылған «Коляда» фольклорлық ансамблі, «Радуга престиж» халықтық би ансамблі, «Русская песня» халықтық хоры, «Купава» фолк-модерн халықтық тобы, «Ладушки» үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблі, «Сударушки» вокалдық тобы, «Алые паруса» үлгілі театр ұжымы т.б өнер көрсетті. Сондай-ақ «Купава» фолк-модерн тобы «Саржайлау» және «Отан-Ана» әндерін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Ұлттар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін көрсеткен фестивальдің соңында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Ағниязов концерттің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан шығармашылық ұжымдарды марапаттады.

А.БОЛАТБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button