Ауыл

Туған жерге тарту

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек екендігі айтылған. Аталған бағдарлама аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды шаралар мен акциялар ұйымдастырылып жатыр. Осы орайда Әйтеке би ауданындағы Жабасақ ауылынан түлеп ұшқан жанашыр азаматтар ізгілікті іс жасады.
Асан Еренов, Марат Досжанов, Мағауия Көшпенбетовтер бастаған азаматтар елді мекеннің кіреберіс жолына ауылдың аты жазылған, ашық аспан астындағы күн мен қыран құс бейнеленген арка орнатып, өзтуған өлкесінің көркеюіне үлес қосты.

— Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, алтын бесігін бір сәт те естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні сөзсіз. 

Бізді көрген қазіргі мектеп түлектеріне тәрбиелік мәні болса дейміз. Сондықтан мұндай шаралар өз жалғасын табады деген сенімдемін. Игі іске ұйымшылдық танытқан барша азаматқа алғысымды білдіремін, — дейді ауыл кәсіпкері Сағадат Аширов.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button