Спорт

Нұрислам Санаев Олимпиада жолдамасын иеленді

Еркін күрестен Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы күнінде құрама қоржыны үш жолдамамен толықты. Жерлесіміз Нұрислам Санаев жартылай финалға шығып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрислам алғашқы белдесуінде молдовалық Анатолий Буруянды уақытынан бұрын айқын басымдықпен ұтты. Одан кейін германиялық Хорст Джастин Джуниор Лердан 7-0 есебімен басымдық танытты. Тартысты өткен ширек финалдық белдесуде колумбиялық Оскар Эдуардо Урбанодан мықты екендігін байқатып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Есеп 10-6. Жартылай финалда Нұрислам әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2019 жылғы Еуропа чемпионы түркиялық Сүлейман Атлиден 5-3 есебімен жеңілді. Дегенмен, Нұрислам әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды.

Жарыс ережесіне сәйкес, алғашқы алтылыққа енген балуандар төрт жылда бір келетін басты спорттық додада өнер көрсету құрметіне ие болады. Нұрислам Санаев әлем чемпионатының жүлдесіне таласу құқығын иеленіп қана қоймай, Олимпиада жолдамасына деиелік етті.

Нұрислам Санаев — 2018 жылы Венгрия астанасы Будапештте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылғы Азия чемпионатында қола медальға ие болса 2018 жылы Бішкекте өткен құрлық додасында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.

Бекет АЙСҰЛТАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button