МәдениетРухани жаңғыру

Классикалық туындылар шырқалды

Концерт

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, әнші Кенжеғали Мыржықбаевтың «Абай және Пушкин» атты шығармашылық кеші өтті.

«Жұбановтар әлемі» мәдени орталығында өткен шараның басты мақсаты — Абай мен орыс халқының ұлы ақыны Пушкиннің мұраларын жұртшылыққа насихаттау, ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып, халық арасында кеңінен таныту.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, сондай-ақ кештің қадірлі қонақтары — ақындар Мұхтар Шаханов пен Ханбибі Есенқарақызы, мемлекет қайраткері Амангелді Айталы, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.

Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ» әндерін, сондай-ақ орыс композиторларының вокалдық шығармаларын жұртшылық жылы қабылдады.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Кенжеғали Мыржықбаевқа ризашылығын білдіріп, облыс әкімінің атынан Алғыс хат пен ықылас гүлін тарту етті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button