Пікір

Кәсіптік білімге бетбұрыс

Жеңісгүл МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА,

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа

технология колледжінің директоры,

облыстық мәслихаттың депутаты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бес бағыттан тұратын Жолдауын жария етті. Қоғамдық әлеуметтік салада жүрген адам ретінде «Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика» деген бағыттағы айтылған сөздері көңіліме қонды.

Президенттің «Ауыл — ел бесігі» жобасына бөлінген 30 миллиард қаражаттан бөлек, 3 жылға кезекпен бөлінетін қосымша 90 миллиард қаражаты қатты қуантты. Қаражаттың негізгі бағыты ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамытуға арналған. Бұл ауылдың ажарын ашатынжақсы жаңалық. Яғни, жол, көгілдір отын, мектеп, ауызсу, спорт алаңдары,тағы басқа көптеген әлеуметтік нысандар үздіксіз салынады деген сөз. Ауылшаруашылық саласын көтеру үшін, оның өнімдерінің сапасын көтеру үшін суармалы жерлерді2030 жылға дейін 3 миллион гектарға жеткізу айтылды. Осы арқылы ауылшаруашылық өнімдерін 4,5 есеге көбейту жоспарланды. Сонымен қатар бюджет екі мақсатқа бөліну керек делінген. Оның бірі экономиканы дамыту болса, екіншісі — әлеуметтік мәселелерді шешу. Ол үшін білім сапасын арттыру керек. Президент өз сөзінде мектеп бітіргеннен кейін 21 мың жастың не жоғары оқу орнына түсе алмай, не кәсіптік білім алу мүмкіндігі болмай қалатынын жеткізді. Сол себепті кәсіптік білім беру саясатын өзгертеміз деді. Кәсіптік білім беру саясаты туралы біз күнделікті осы салада жұмыс істегендіктен жақсы білеміз. Барлығы ойға қонымды. Дер кезінде қолға алынған шаралар деп ойлаймын.Біздің колледждің біліктілік деңгейі облыс қана емес, республика көлемінде бірінші сатыда тұр. Қазір екі мыңнан аса студент білім алуда. Жолдауда еліміздің жоғары оқу орындарының жартысы өз түлектерінің 60 пайызын ғана жұмыспен қамтитыны айтылған.  Бізде жұмысқа орналасу көрсеткіші 80 пайызды құрап тұр. Ірі және жетекші теміржол кәсіпорындарымен тығыз байланыстамыз. Дуальды оқу жүйесін алғашқылардың бірі болып енгіздік. Студенттер оқуының көбін өндірістік тәжірибеде өткізеді. Бұл олардың жұмысқа қабылдау процесін жылдамдатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button