Басты жаңалықтар

«Көкжиде» жерасты суларының проблемалары назарда тұр

«Көкжиде» құмды алқабымен аттас, жерасты ауызсуы шығатын «Көкжиде» бірегей кен орны Ақтөбе облысының аумағында, Темір және Мұғалжар аудандарының шетінде орналасқан.

«Көкжиде құмдары» мен «Көкжиде жерасты сулары» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы №1212, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №932, 2007 жылғы 21 маусымдағы №521, 2011 жылғы 24 мамырдағы №568 қаулыларымен аса экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан маңызды ретінде республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорықтық қордың геологиялық және гидрогеологиялық тізіміне енді.

«Құмжарған» теліміне Құмжарған құмдары мен орман алқабы кіреді. Аумағы 12 254 гектар. Аумағы 31 723 гектар болатын «Көкжиде» теліміне Көкжиде құмдары кіреді.

«Көкжиде» жерасты ауызсуларының бірегей кен орнын сақтау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысымен 2008 жылдан бері «Көкжиде» құмдарының нысандарында мемлекеттік экологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. Зерттеудің нәтижесі бойынша «Көкжиде» құмдарының мұнай өнімдерімен ластанғаны байқалады. Мұнай өндірісінің жерасты суларының жағдайына әсерін анық көрсететін осындай жұмыстардың 2008 жылға дейін жүргізілмегендігін атап өту керек.

2008-2018 жылдары жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша мұнай өндіретін компаниялар «Көкжиде» жерасты суларының сапалы құрамына әсер ететін негізгі кезеңі – жазғы-күзгі кезеңдер.

Қазіргі таңда «СНПС-АМГ» АҚ, «КМК Мұнай» АҚ, «Урихтау Оперейтинг» ЖШС, «Фирма Ада Ойл» ЖШС, «ҚазақойлАқтөбе» ЖШС сынды бес мұнай компаниясы Көкжиде жерасты суларының кен орындарында көмірсутек шикізатын барлап, сынамалап және өндіріріп жатыр.

«Көкжиде» жерасты ауыз суларының бірегей кен орнын сақтау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысымен 2008 жылдан бері «Көкжиде» құмдарының нысандарында мемлекеттік экологиялық зерттеулер жүргізіліп келеді. 2010-2018 жылдары жүргізілген зерттеулерге қарағанда «Көкжиде» жерасты суларындағы мұнай өнімдері бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның арту еселігі бәсеңдеп (төмендеп) келеді, 2018 жылы шекті рұқсат етілген концентрацияның артуы тек ШРК 10-М -2,63 ұңғымасында ғана анықталған.

Биыл экология департаменті «КМК Мұнай» АҚ мен «Фирма Ада Ойл» ЖШС-на қатысты профилактикалық бақылау жүргізіп, «Көкжиде» құмдарының жерасты суларында мұнай өнімдері бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның артуы деректерін анықтады. «КМК Мұнай» АҚ-ның келісімшарттық жерлеріндегі төрт бақылау ұңғымасында 1,3 ШРК-дан 8 ШРК-ға дейін артқаны, «Фирма Ада Ойл» ЖШС-де екі бақылау ұңғымалары бойынша 1,66 ШРК-дан 1,82 ШРК-ға дейін анықталды.

Профилактикалық бақылаудың нәтижесі бойынша «Көкжиде» жерасты суларын ластау көзін анықтау және оны жою шараларын қабылдау мақсатында зерттеу жүргізу ұйғарымдары берілді. Экология департаменті жер қойнауын пайдаланушылардың «Көкжиде» құмды алқабындағы қызметін жан-жақты бақылау үшін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне мынадай ұсыныстар енгізді:

– «Көкжиде» құмдары аумағында көмірсутек шикізатын барлау және өндірудің бірыңғай ережесін әзірлеу;

– «Көкжиде құмдары» мен «Көкжиде» жерасты суларының (жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі құзырлы орган) мемлекеттік табиғи-қорықтық қоры нысандарының жағдайына мониторинг жүргізу үшін бірыңғай операторды анықтау;

– «Көкжиде» жерасты сулары кен орнының геологиялық құрылысын анықтау шараларын жүргізу. Жерасты суларына ықпал ету ошағын анықтау үшін қосымша, «Көкжиде» жерасты сулары ағынының қозғалысын анықтау қажет (жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі құзырлы орган);

– жер қойнауын пайдаланушылардың «Көкжиде» жерасты суларына ықпал ету деңгейін анықтау үшін барлық жер қойнауын пайдаланушылардың жиынтығына және әрбір жер қойнауын пайдаланушыға жеке-жеке мониторингтік зерттеу жүргізу (жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі құзырлы орган);

«Ақтөбе облысындағы Көкжиде кен орнының жерасты суларының эксплуатациялық қорын қайта бағалау мақсатында толық барлау» жұмыстарын қаржыландыру үшін 2019 жылы республикалық бюджет есебінен 300 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Барлығы 1 161 770 мың теңге көлемінде қаржы қажет.

Аталмыш жұмыстар жүргізілсе, бүкіл Көкжиде кен орнының қазіргі жағдайы мен ресурстарының келешегін бағалауға, сонымен қатар, оның гидрогеологиялық жағдайы туралы қорытынды жасауға мүмкін болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алудың веб-порталында ашық байқау жүргізу рәсімі әлі аяқталған жоқ. Осы жылғы тамыз айының соңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде мүдделі органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар қатысатын жиын жоспарланып отыр. Ол жерде «Көкжиде» жерасты суларының проблемалары шешілмек.

Темір ауданының Бәшенкөл кен орнында ҚХР су құбырын салуға қатысты БАҚ-та, сонымен қатар әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттар жалған және шындыққа жанаспайды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button