Басты жаңалықтарМәдениет

Ақтөбелік өнер ұжымы бас жүлдеге ие болды

Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры Ресей астанасы Мәскеуде өткен «Друзья в Москве» атты халықаралық музыка және би фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.

ІІІ халықаралық «Друзья в Москве» фестивалі 16-19 тамыз аралығында өткен. Оған Қазақстан, Түркия, Үндістан, Болгария, сондай-ақ, Ресейдің Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы, Қалмақ, Саха республикалары, т.б. аймақтарынан өнер ұжымдары қатысқан. Фестивальды Еуропалық фольклорлық фестивальдар қауымдастығы және басқа ұйымдардың қолдауымен «Северная радуга» қоры ұйымдастырған. Мақсат — түрлі халықтардың өнерін насихаттау.

Үлкен қалада ұйымдастырылған осындай үлкен өнер мерекесінде Мербол Құспанов жетекшілік ететін ақтөбелік өнер ұжымының мерейі үстем болып отыр. Бір жағынан, бұл —камералық хор ұжымының облыстық филармонияның мерейтойына арнаған үлкен сыйы.

Айта кетелік, Ақтөбе облыстық филармониясының құрылғанына биыл 75 жыл толды. 1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза Жұбанованың есімі берілді.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button