Мереке

Құрбан айт: дайындық басталды

Исі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі — Құрбан айттың кіруіне аз қалды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіліп келе жатқан Құрбан айтта Ақтөбе жамағатынан жиылған құрбандық малдары арнайы орындарда сойылып, еті мұқтаж отбасыларға таратылады. Биыл да, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою және таратуға рұқсат етілген арнайы орындар тізімі қалалық әкімдік тарапынан бекітіліп отыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз хадисінде: «Тазалық — иманның жартысы», — дегеніндей, жерлестеріміздің осы құрбандық шалынатын орындардағы тазалық пен ұқыптылыққа мән бергендері жөн екенін еске салғымыз келеді.

Сонымен, Ақтөбе қаласындағы құрбандық шалынатын орындар:

«Есік» ЖШС. Мекенжайы: Мал базары. Тел.: 7 701 459 31 62.

ЖК «Молдабеков». Мекенжайы: Мал базары. Тел.: 7 701 459 31 62.

АТК «Айбек». Мекенжайы: 41-разьезд. Тел.: 7 705 551 21 86.

ЖК «Қасымов». Мекен-жайы: Жаңақоныс ауылы. Тел.: 7 705 819 8580.

«Кіші құм» Ш/Қ. Мекен-жайы: Мағажан орман шаруашылығы (Заречный). Тел.: 7 705 397 3864.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button