Денсаулық

Алғашқы көмектің маңызы

Жарыс

Ақтөбедегі жедел жәрдем бекеті қызметкерлері арасында алғаш рет жарыс ұйымдастырылды. Төрт командаға бөлінген мамандар бар мүмкіндіктерін көрсетті.

Жарыстың мақсаты — алғашқы медициналық көмекті сапалы көрсету, мамандардың тәжірибесін шыңдау. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессорларынан құралған оқытушылар құрамы жарысқа төрелік етті. Мамандар жедел жүрек инфаркті, аллергиялық шок, жүкті әйелді босандыру, жаңа туған нәрестеге көмек көрсету және суға кеткен адамды қалай ажалдан арашалау секілді алғашқы көмектің түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Командалар бар күштерін салды. Бекеттің бас дәрігері Марат Жанқұловтың айтуынша, бұндай жарысты аудандарда да өткізу жоспарда бар.

— Аудандардағы жеделжәрдем қызметінің мамандарына оқу-жаттығу өткізіп, кейін осындай жарыстар ұйымдастырсақ деген жоспар бар. Бұл алдымен мамандардың тәжірибесін шыңдай түседі. Жалпы бекеттегі барлық бригада үнемі оқу-жаттығудан өтіп тұрады. Нұр-Сұлтан қаласындағы Шұғыл медициналық көмекті үйлестіру ұлттық орталығынан мамандар келіп оқытады.  Алдағы уақытта акушер-гинекологтарды шақырту ойымызда бар, — дейді бас дәрігер.

Сайыстың соңында жеңімпаздар марапатталды. Оларға арнайы сыйлықтар мен Алғыс хаттар берілді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button