Денсаулық

Дәрі-дәрмектерге бірыңғай баға бекітіледі

Брифинг

Шілде айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен  медициналық дәрі-дәрмектерге  бірыңғай баға белгіленеді.  

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде  өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Сәбит Ескендіров  мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрліктің  бұйрығымен «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, биыл  23 мамырда өз күшіне енген. Осы бұйрыққа сәйкес рецептімен берілетін барлық дәрілік заттардың, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің шеңберінде берілетін дәрілік заттардың рецептілерін сақтау мерзімдері үш жыл болады.

Дәріхана қызметкерлері рецепт арқылы берілетін дәрілік заттарды тек қана рецептімен беруі тиіс. Егер рецептісіз берсе  «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл — 70-1000 айлық есептік көрсеткіш, —  деді С. Ескендіров.

Рецепт бойынша және рецептісіз берілетін дәрілік заттардың тізімін комитеттің сайтынан қарауға болады.

Ақтөбе облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button