Жаңалықтар

Аналар кеңесі көмек көрсетті

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен аналар мен балаларға көмек беру және қолдау көрсету мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында облыстық Аналар кеңесінің мүшелері өз ойларымен бөлісіп, осынау қиын сәтте елмен бірге болуымыз керек екендігін алға тартты. Сондай-ақ шарада Аналар кеңесінің мүшесі, білім саласының ардагері Г.Дулатбай, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы А.Сарыбай, еңбек ардагерлері — Ж.Қалиевамен Б.Мақанова апатты жағдайға байланысты мәлімет беріп, жарылыстан зардап шеккен балаларға қажетті көмек көрсетуге шақырды.

— Біз де Аналар кеңесінің мүшелері ретінде бұл жағдайға бейжай қарай алмаймыз. Барлығы мүмкіндіктеріне қарай,  Арыс қаласындағы аналар мен олардың балаларына көмек қолын созып, республикалық «Біз біргеміз» акциясына өз үлестерін қосуда. Халқымыз жұмыла ұйымшылдық танытып, рухани, әлеуметтік, материалдық жағынанқолдау көрсетуде. Мұндай қиын сәтте қайырымдылық көрсету — баршамызға ортақ іс, — деді А.Сарыбай.

Шара соңында Аналар кеңесінің мүшелері, басқа да көмек көрсетуге ниетті аналар зардап шеккен отбасылардың балаларынакиім-кешектер мен гигиеналық заттар ұсынып, қаржылай қолдау көрсетті.

Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе қаласындағы Аналар кеңесінің 20-дан астам мүшесі бар.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button