Жаңалықтар

Бағдарламалардың көмегі

Ел Президенті Қ.Тоқаев белгілеген 10 институционалдық бағыттың бірі  — «Қуатты өңір — қуатты Қазақстан» аймақтардың экономикалық белсенділігін күшейтуге арналған.

Өңірдің қуаттылығы тұрғындардың белсенділігімен де тікелей байланысты. Осы бағытта 2025 жылға дейін облысымызда  шағын және орта бизнес нысандарының экономикадағы үлесін 30 пайызға арттыру жөніндегі бастама  — халықтың әл-ауқатын арттыру  жолындағы  тиімді қадам.

Қазіргі кезде аудандарда мал басын көбейтіп, оның өнімдерін  ұқсатушыларға түрлі мемлекеттік бағдарламалар  көмекке келді. Көкөніс егу, дәнді дақылдар өсіру, оларды сату жолдары да жолға қойылуда. Бұл өз кезегінде ауыл жастарын еңбекке ынталандырып, табыс табуға жол ашып беріп отыр. Ырғыз ауданында «Даму» кәсіпкерлік қоры арқылы кәсіпкерлік курстарында оқып, одан сертификаттар алып, өз кәсібін жүргізіп кеткен жастар қатары көбейіп келе жатқаны бізді қуантады.

Ауыл кәсіпкерлігі жандана бастады. Бұған  облыс орталығынан 430 шақырым қашықтықтағы  ауданымызға автокөлік қатынасының реттелуі, газ жүргізіліп, ауызсу мәселесінің шешілуі оң әсерін тигізді. Оның үстіне, ауыл, аудан әкімдері  тұрғындармен  тығыз байланыс орнатып, ашық кездесуде түйткілді мәселелерді талқылап отырса, кез келген мәселе шешілері анық. Міне, қоғамдағы осы өзгерістер алыс аудан тұрғындарының тіршілігіне де оң  әсер етіп жатыр.

                                                                                  Мирхан ДУАНБЕКОВ,

                                             «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры  міндетін атқарушы.

                                                                                   Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button