Жаңалықтар

“Мінбер” болашақ медиатренерлерді тренингке шақырады

 

Құрметті медиа мамандары, журналистер, жоғары оқу орныныңұстаздары, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен MediaCamp бағдарламасы аясында «Медиа ақпараттық сауаттылық» тақырыбында тренерлерге арналған тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Жобаны ЮСАИД қоры қолдап отыр.

Тренинг 29-30 маусым күндері Алматыда «Қазжол» қонақ үйінде өтетін болады. Орын саны шектеулі болғандықтан, болашақ тренерлер арасында конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі сауалнаманы толтырып, кері жолдасаңыздар болды. Орын саны шектеулі болғандықтан сауалнаманы тиянақты, әрі жақсы толтырғандардың ішінен 15 қатысушы іріктеліп алынады.

«Мінбер» тренингке қатысушылардың жол және қонақүй шығындарын өз мойнына алады.

Тренингке қатысушыларға қойылатын талап – семинар-тренингтен алған білімдерін өз өңірлерінің медиа белсенділері мен студенттермен, журналистермен бөлісіп, 90 минуттық үш тренинг өткізу.

ЕСКЕРТУ: Төмендегі сауалнаманы толтыра отырып, өзіңіз жайлы ақпаратты тренингке қатысушыны іріктеуде қолдануға келісіміңізді бергеніңізді растайсыз. Сауалнамадағы ақпарат тек қана аталған тренингті ұйымдастыру барысында қолданылып, өзгелерге таратылмайды.

Сауалнаманы толтыру үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз:

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button