Ақтөбе — 95

Кәсіби ұжым, тату ұя

Сәтжан ДӘРІБАЙ,

жауапты хатшы.

Біз журналистиканың қақпасынан кіргенімізде техникалық жағынан жаңа мүмкіндіктер ашылған уақыт еді. Компьютердің кіруі бұл саланың қарыштап дамуына әсер етті. Мен Ақтөбе қаласына келген жылдарды «Ақтөбе» газеті баспахананың компьютер орталығында беттелетін. Көп ұзамай бұл істі өз қолдарына алды. 2004 жылы газетке жауапты хатшы болып келгенімде өз шаруасына мығым, кәсіби ұжыммен бірге жұмыс істедім. Біз газеттің дизайнын барынша жетілдіруге тырыстық. Ол үшін неше түрлі тәжірибелер жасадық. Интернет қазіргідей қолжетімді емес. Сурет табу жағынан қиналатынымыз есімде. Орталықтан шығатын түрлі түсті журналдар жинайтынбыз. Мақалаларға сәйкес келетін суреттерін пайдаланатынбыз.

Содан бері 15 жыл өтіпті. Тапқанымыз орасан, жоғалтқанымыз да жоқ емес. Маған газет ұжымының татулығы ұнайды. Бұл, әрине, бізден бұрын істеген аға ұрпақтың қалдырып кеткен мұрасы деп ойлаймын. Облыстың түкпір-түкпіріне дейін тарайтын жалғыз қазақ газеті —  «Ақтөбеміздің» беделі қашанда жоғары. Мерейтой баршамызға құтты болсын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button