Жеңіс

Батырларға тағзым

9 мамыр күні Ақтөбеде «Батырларға тағзым» акциясы өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін еске алу биыл басқаша форматта ұйымдастырылмақ.
Сағат 10.30-да ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағына қала тұрғындары соғысқа қатысқан ата-әжелерінің портреттерін алып шығуына болады. «Батырларға тағзым» акциясы аясында ардагерлердің тума-туыстары Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлер ерлігі туралы естеліктер айтып, боздақтардың рухына құрмет көрсетіледі.
Жеңіс күніне арналған шаралар Мәңгілік алау, Әлия Молдағұлова ескерткіші Батырлар Аллеясы, Бауырластар зираты, «Зеңбірек» ескерткіші, Ә.Молдағұлова бюсті, Пушкин атындағы саябақ, «Ретро», «Денсаулық», «Жеңіс» саябақтары, Ақтөбе Арбаты, «Керуен сити» сауда, ойын-сауық орталығы сынды бірнеше жерде ұйымдастырылады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, мерекелік шаралар өткізілетін жерлерге тұрғындар соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуі үшін олардың портреттерін алып шығуына болады.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button