Жаңалықтар

«Сall-centre» анықтама қызметі сауалыңызға жауап береді

Сайлау

Ақтөбе қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу қарсаңында «Сall-centre» анықтама қызметі құрылды.

Ақтөбе қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет бөлімінің бас маманы Айгүл Махамбетованың айтуынша, сайлаушылар «Сall-centre» орталығына өздерінің сайлау учаскелері мен учаске шекараларын, сондай-ақ сайлауға  қатысты барлық сауалдары бойынша хабарласа алады. Сондай-ақ, ол сайлаушылар назарына облыс және Ақтөбе қаласы әкімдіктерінің  ресми сайтында Президенттің  кезектен тыс сайлауына қатысты парақша орналастырылғанын да мәлімдеді. «Сайлаушы, яғни әрбір азамат сол парақшаға кіріп, өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін терсе, қай  сайлау учаскесінде тіркелгенін біле алады, — деді А.Махамбетова.

«Сall-centre» қызметі 8 (7132) 44-56-03, 44-56-01, 44-56-02, 55-56-00 телефон нөмірлерінде орналасқан.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button