Жаңалықтар

Облыс әкімі нақты тапсырмалар берді

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин аймақтағы жоғары оқу орнының және бірқатар мемлекеттік органдардың басшыларын қабылдап, жұмыс жоспарларымен танысты», —  деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық қорғаныс департаментінің бастығы Сейткерім Арапбаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов аймақ басшысына атқарылып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріп өтті.

Облыс әкімі департамент басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берді, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарға қатысты дер кезінде көмек көрсетіп, материалдық-техникалық базаны күшейтуді тапсырды.

Бұдан кейін облыс басшысы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жаңа ректоры Мұрат Телеуовті жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік  тіледі. Сонымен қатар, оқу орнының жаңа басшысына университеттің жұмысымен танысқанын, білім ордасының техникалық базасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Облыс әкімі бұл оқу орнының студенттері өңіріміздің ғана емес, еліміздің денсаулық саласын дамытуға күш салатынына сенім білдірді.

Университеттің жаңа басшысы Мұрат Қойшыбайұлы Телеуов 1960 жылы 10 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1982 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша, 1984 жылы Ленин орденді Мәскеу мемлекеттік медицина институтын дәрігер-емдеуші мамандығы бойынша тәмамдаған. 1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында хирургия мамандығы бойынша, ал 2008 жылы «Қайнар» университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған. Медицина ғылымының докторы, профессор.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button