Пікір

Біздің тілегіміз — елдің тыныштығы

Дер кезінде қабылданған шешім

Мәнуа ОСПАНОВА,

зейнеткер, көпбалалы ана

Біздің еліміз Тәуелсіздігін алған жылдарда  әлем елдері алдында өзінің бейбітшілік пен келісім мекені екенін анық дәлелдеген мемлекет. Тәуелсіздік тұғырының беріктігін нығайтқан Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқаны белгілі. Ал, қазіргі Президент Қ.Тоқаев  Президент сайлауын мерізімінен бұрын өткізу туралы маңызды мәлімдеме жасады.

Мен сияқты зейнеткер әрі көпбалалы аналардың бүгінгі тілегі – ел тыныштығы. Еңбек ардагері ретінде мен еліміздегі маңызды қадамның уақыты белгіленуін, ел тізгінін ұстар тұлғаны халықтың  таңдауын —  әділетті шешім деп білемін әрі қолдаймын.

Ұрпағымызды рухани жаңғыру аясында тәрбиелеп, елімізде берілген барлық мүмкіндіктерді пайдаланып отырған біздер, ең бақытты жандармыз.

Елбасының төңірегіне топтасып бірлігін танытқан қазақ халқы, бүгінгі күні де еліміз үшін тарихи сәтте ауызбіршілік, ынтымақтық көрсетіп, маңызды шешімді қолдары хақ.

Алдағы болатын кезектен тыс сайлау халықтар достастығының алтын мекенінде әділ өтетініне сенемін.

Келісім мен саяси тұрақтылықты қолдау – еліміздің іргесін нығайта түсетін тарихи сәт пен маңызды мүмкіндік деп білемін.

 Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button