Жаңалықтар

Өтініштер айтылды, алғыстар білдірілді

Азаматтарды қабылдау

 23 қаңтар, сәрсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті рет азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Өз өтініштерінде ақтөбеліктер тұрғын үй жағдайын жақсарту, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмек көрсету, сондай-ақ материалдық және басқа да көмек көрсетуді сұрады.

Сондай-ақ, ақтөбеліктер өңір басшысына алғыстарын білдіріп, Ақтөбе қаласы мен облыстың дамуындағы оң өзгерістерді атап өтті.

Қабылдауда барлығы он адам болды.

Облыс әкімі қабылдауға келгендердің өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, тиісті мемлекеттік органдарға мәселелерді қолданыстағы заңнамалар аясында шешуге қолдау көрсетуді тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button