«Өркеннің» өрнегі

Өнер
Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Өркен» балалар вокалдық тобының «Өркенін жайған өрендер» атты мерекелік концерті өтті.
Мақсат — көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, кішкентайлардың өнерін паш ету. Топтың жетекшiсi — Нұргүл Рамазанова.
— 2015 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығында жас әнші Нұргүл Рамазанованың ұйытқы болуымен «Өркен» балалар вокалдық тобының негiзi қаланды. Бүгiнгi таңда аталған ұжым облыстық, қалалық iс-шараларға белсендi түрде қатысады. Солистері де көптеген байқаулардың лауреаттары, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Сейталина.
Мерекелік концертте жас дарындар өздерiнiң шығармашылықтағы жетiстiктері туралы да айтып, көпшілік алдында мемлекеттік тілден бөлек, орыс, ағылшын тілдерінде ән салды.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.



