Мереке

Балдырғандардың қуанышы

Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде қала әкімдігінің  шыршасы өтті. Мерекелік кешке мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары қатысты. Барлығы 150 бала ертегі әлеміне саяхат жасады.  

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаев балдырғандарды Жаңа жылмен құттықтады. Еліміздің болашағы балалар екенін айтып, оларға денсаулық тіледі.

— Мереке қарсаңында әкімдік тарапынан осындай шаралар әр жерде ұйымдастырылып жатыр. Тек қана кішкентайлар емес, қарт адамдар да ескерусіз қалмайды. Олардың үйлеріне сыйлықтар жіберіледі, — деді қала әкімінің орынбасары.

Меркелік шарада Аяз ата мен Ақшақар және түрлі аң кейіпкерлері балаларды ортаға алып би биледі. Өз өнерін көрсеткен балдырғандар мен қатысушылардың барлығына сыйлықтар берілді. Ерекше қуанышқа бөленген балалар мәз болысты. Сазды ауылынан келген бастауыш сыныптың оқушысы Баянсұлу Құдайбергенова ертегі әлемінің ерекше ұнағанын, өзінің өнер көрсеткенін айтса, 11 жастағы мүмкіндігі шектелуі бала Әбдухамит Бақтыбай арман-тілегін жеткізді.

Бұл мерекені ерекше жақсы көремін. Барлық адам бақытты болса деп тілеймін. Мен өскенде чемпион болғым келеді. Қазір жүре алмасам да спортпен айналысамын. Жаңа жылдан тілейтінім көп. Ең бірінші мен де өзге балалар сияқты өз аяғыммен жүріп кетсем деп армандаймын, — деді Әбдухамит.

Жаңажылдық кештен балалар ерекше көңіл күймен тарасты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button