Мәдениет

Патриоттық әндер орындалды

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымының кезекті гастрольдік сапары Қобда және Темір аудандарында жалғасты.

Қобда аудандық Мәдениет үйінде бастау алған «Тәуелсіздік — тұғырым» атты мерекелік концертті көрермендер ерекше ықыласпен тамашалады.

Шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, белгілі күйші Жайлау Асылханов әр күйдің тарихын баяндай отырып, бірнеше күй тартты.  Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші Гүлсім Юсупова батырлар жерінде «Әлия» әнін әуелетсе, кеш жүргізушісі Орал-Қосай Байсеңгір Қуандық Шаңғытбаевтың «Дала», Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңдерін оқып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан үзінділер келтірді. Сондай-ақ дәстүрлі ән орындаушы, республикалық байқаулардың жүлдегері Әділет Күзембаев және облыстық филармония әншілері Айбат Мақашев, Әкімжан Шәкіров, Мират Есетовтер патриоттық әндер шырқап, жиналған жұртты тәнті етті.

Кеш соңында Қобда ауданы әкімінің орынбасары Баянбек Қырықбаев облыстық филармония ұжымына ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Сондай-ақ аталған мерекелік шара сенбі күні Темір ауданының Кеңқияқ

ауылдық Мәдениет үйінде де өтті.

Кеште Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова өнер көрсетті. Сондай-ақ филармония әншілері Гүлхан Бөрібасова, Ернар Дүйсеев, Жұлдыз Орынбековалардың орындауындағы әндер көпшіліктің көңілінен шықты. А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашысы Айбек Мұxамбетқалиев Қазанғаптың «Құс қайтару», Н.Тілендиевтің «Əлқисса» күйлерін күмбірлете тартты.

Ақбота БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button