Жаңалықтар

Мереке жәрмеңкемен басталды

Атаулы күн

Шалқар ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні ерекше аталып өтті.

«Отан» спорт кешені алдында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде Шалқар қаласы мен 12 ауылдық округтегі шаруа қожалықтары әкелгентүйе, сиыр еттері, құрт, шұбат, сүт өнімдері мен жылыжай көкөністері нарықтағы бағадан төмендетіліп сатылды.Тұрғындар 3,2тонна ет, 57 литр сүт және 35 келі құрт өнімдерін пышақ үстінен үлестіріп әкетті.

Одан әрі мереке Cары Батақұлы атындағы аудандық Мәдениет үйінде жалғасты.  «Ауылым — алтын бесігім» аттысалтанатты шара барысында тұрғындар Асылхан Дәрібаев пен Нұрғали Сидақов қойған «Бақыттың бәрі ауылда» атты сахналық көріністі тамашалады. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айбек Сембай Шалқардың ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық мағлұмат берді. Аудан әкімінің орынбасары Жанболат Жидеханов ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған салада табысты еңбек етіп жүрген қызметкерлерді аудан әкімінің және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының Алғыс хаттарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар мереке аясында қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндесалауатты өмір салтын насиxаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ауылдық округтерден және қаладан жасақталған командалар арасында шағын футболдан аудан біріншілігі өтті. Тартысты  өткен жарыс қорытындысында Бозой ауылдық округінің командасы І орынға ие болды,аудан әкімдігінің командасы — ІІ, Мөңке би, Біршоғыр ауылдық округтерініңкомандалары ІІІ орындарды иеленіп, аудан әкімінің дипломымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

С.МҰХАМБЕТСАДЫҚҰЛЫ,

Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button