Жаңалықтар

Хромтауда өткен кездесулер

Хромтау ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Геннадий Шиповских, Дания Еспаева және Құралай Қаракен Бөгетсай, Қопа ауылдық округтерінде болып, тұрғындарға Елбасының биылғы Жолдауын жан-жақты түсіндірді.

— Ауыл тұрғындарымен кездескеніме өте қуаныштымын. Біздің сіздермен жүздесудегі мақсатымыз – Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын халыққа жеткізу. Елбасы биылғы Жолдауында ауқымды алты тарауды қамтыды. Оның ішінде экономика, кәсіпкерлік, агроөнеркәсіп салалары, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру, туризмді дамыту, тағы басқа мәселелер қамтылып, аталған бағыттарды дамытуға күш салу керектігін тапсырды. Жолдауда айтылғандай, алдағы уақытта кәсіпкерлікті қолдау одан әрі жалғасады. Өйткені Президентіміз «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созды. Аталған бағдарлама тек ірі қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да өз жемісін беруде. Бұл бағдарламаның шарапатын халық енді 2025 жылға дейін көре алады. Біздің еліміз нағыз туризмнің ордасына айналуға лайықты. Себебі, біздің тарихымыз бен әсем табиғатымыз турист тартуға қолайлы. Тек саланы жандандыруға күш салуымыз керек. Жолдаудың тағы бір жаңалығы – «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын қабылдау. Қазір бұл бағытта жұмыстар басталып кетті, — деді кездесу барысында депутат Геннадий Шиповских.

Кездесуде сондай-ақ депутаттар Дания Еспаева мен Құралай Қаракен Елбасы Жолдауының бағыттарына тереңірек тоқталып, мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығы мен ел игілігі үшін пайдасын тілге тиек етті. Сонымен қатар депутаттар ауыл тұрғындарының көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Хромтау ауданына жасаған сапарларында халық қалаулылары Бөгетсай мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесіп, Қопа ауылындағы «Молочные истории» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

 Нұрсұлтан ҚАЗИХАНҰЛЫ,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button