Жаңалықтар

Жер тұрғындардың пайдасына жұмыс істеуі керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану және жерді жеке тұрғын үй құрылысына бөлу мәселелері қаралды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осы жылдың қаңтарынан шілде айына дейін жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасы 220 субъектінің пайдалануындағы 161 мың гектардан астам жерді тексерді. Тексеру нәтижесінде 37 шаруа қожалығы анықталған бұзушылықтарды жою және жерді айналымға шығару туралы нұсқаулар алды.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Абдуахат Мырзалиннің мәліметінше, есепті кезеңде тәртіп бұзушылар ерікті түрде мемлекеттік меншікке 47 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды.

Коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері тұрақты бақылауда. Осылайша, сот шешімдерінің негізінде 22,8 гектар аумақтағы 12 участок қайтарып алынды.

Облыс әкімі есепті тыңдап, қайтарып алынған жерлерді тиімді айналымға енгізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма берді.

— Бұл — басты міндет. Жер облыс тұрғындарының пайдасына жұмыс істеуі керек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, ол, ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін алу үшін кезек тізімдерінің электронды деректер базасын жаңартуды талап етті. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы облыста 14 мыңнан астам тұрғын үй салуға 10 гектар жер беру жоспарланған.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button