Мәдениет

Камералық хор Астанаға барды

Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана Опера» камералық зал сахнасында астаналықтарға Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Камералық хордың көркемдік жетекшісі және дирижері — Мербол Құспанов, хормейстерлер — Мәди Әбішев, Лейла Кущанова.

Концерттік бағдарлама барысында камералық хор елордалық көрермендерге «Елім-ай», «Жайдарман», «Он алты қыз» сияқты халық әндерін, сондай-ақ «Lux aurumque», «My souls been anchored in the Lord», «Повстречался сын с отцом», «Пушкинский венок», «Неизреченное чудо», «Stabat mater», «Ayvanin irisine», «Nе baxirsan», «Бибіжан», «Веники», «Белая черемуха», «Ох, уж ты, Порушка-Паранья», т.б. әртүрлі ұлттың хор классикасының көлемді шығармаларын орындады.

Концертке келген көрермендердің басым бөлігі шетелдік қонақтар болды.

Концерттің соңында өнер иелеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Концерттен кейін астаналықтар кәсіби өнерге деген ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button