Мәдениет

Аңсар Елбасы атынан ақ рояльға ие болды!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан» концерт залында Астана қаласының 20 жылдық тойына арналған І «Burabay Summer Fest» жасөспірім таланттардың халықаралық фестивалінің аяқталуына арналған гала-концерт өтті.

Байқауға қатысуға республикамыздың барлық өңірінен және шетелден (Қытай, Беларуссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия) келген 400-ден астам өнерпаз қатысты. Балалар вокал, хореография, мәнерлеп оқу және аспапта орындау түрлері бойынша бағын сынады.

Ақтық кезеңде жүзден жүйріктер анықталды. Нәтижесінде қызылордалық Нұрқожа Тілек («Көркемдік оқу» номинациясы бойынша), алматылық Ратмир Джумалиев («Халық биі»), Жамбыл облысынан келген Сұлтан Әлімқұл («Дәстүрлі өнер (жеке орындаушылық»),  Камила Ыдырысова ( «Классикалық өнер»), түркістандық  «Жетіген» ансамблі («Дәстүрлі өнер (ансамбль)»), Ілиясова Айжан («Дәстүрлі ән»), алматылық КаринаБаситова  («Эстрадалық ән») үздік деп танылды.

Ақтөбенің намысын арқалап барған Аңсар Жүсіп «Академиялық ән» номинациясы бойынша ешкімге дес бермей, бас жүлдеге ие болды!

Фестивальдың бас жүлдесін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы атынан ақ рояль мен Лос-Анджелестегі әйгілі «UNIVERSAL STUDIOS HOLLYWOOD» киностудиясына бару мүмкіндігін Аңсар Жүсіпке табыстады.

Аңсар Жүсіп қазір Ақтөбедегі №1 балалар музыкалық мектебінде «вокал» бөлімінен дәріс алып жатыр.

 ҚР МСМ Баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button