Ресми

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатысыңыз!

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурстарға еліміздегі тауар өндіру мен қызмет көрсету саласында еңбек ететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын» атты үш номинация бойынша өткізіледі.

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының барлық жеңімпаздары мен лауреаттары конкурс эмблемасын өз өнімдерін жарнамалауға 4 жыл бойы пайдалана алады.

Конкурстарға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері өтініштер мен материалдарды электронды түрде altynsapa.kz. сайтына жіберулері керек.

Құжаттарды «Қазақстанның үздік тауары» байқауына 2018 жылдың 25 маусымына дейін, «Алтын сапа» конкурсына 1 шілдеге дейін тапсыру қажет.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсының өңірлік кезеңі биылғы 11 шілдеде өтеді.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Астана қаласында өтетін «Қазақстанның үздік тауары — 2018» республикалық конкурсына Ақтөбе облысының атынан қатысады.

Конкурстардың негізгі мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау, сонымен қатар қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.

Конкурстың өңірлік кезеңі «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ қолдауымен өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button