Денсаулық

Биыл медициналық үш орталықтың құрылысы басталады

Брифинг

Медициналық кластер құрылғаннан бастап  Ақтөбе медициналық орталығында 2 637 операция жасалған. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан келіп ем алатын тұрғындар саны көбейген.  Қазіргі күні орталықтың 2022 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстың медицина саласындағы осы және өзге де жұмыстарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өңірлік байланыс қызметінің алаңында айтып берді.

Медициналық кластерге кіретін емдеу мекемелерінде тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетілуде. Мәселен, биылғы жылдың төрт айында 10 400-ден астам пациентке кеңес беру-диагностикалық көмек көрсетілген. Оның 57 пайызы — балалар. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 300 есе көп. Пульманология, торакальді, балалар лор бөлімшелері мен бет-жақ хирургиясының ашылуына байланысты кереует саны көбейтілген. Сонымен қатар мамыр айында мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде Сеул ұлттық университетінің госпиталімен бірлесіп «Chek-up» диагностикалық орталығы, «GE Healthcare» компаниясымен бірге ядролық медицина орталығы және үш қабатты ғимаратта орналасқан балалар онкогемотологиясы орталығын құру жоспарланып отыр. Аталған орталықтардың құрылысы жоспар бойынша биыл мамыр-маусым айында басталып, келер жылдың бірінші жарты жылдығында іске қосылуы керек. Оның ішінде онкогематология орталығында балалар арасындағы окногематологиялық ауруларды емдеуге күш салынады. Жылына облыс бойынша 30-35 бала осындай сырқатқа шалдықса, батыс аймақ бойынша 140-қа жуық бала аталған сырқаттан зардап шегеді екен.

Жиында басқарма басшысы алда атқарылатын шаруаларға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері еңбекақысының кешігуіне  қатысты және кейбір арыз-шағымдар бойынша түсіндіріп кетті. Қазіргі күні еңбекақыға қатысты проблема жоқ. Баспасөз кеңесінің соңында журналистер басқа да сауалдар қойып, жауаптар алды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button