Рухани жаңғыру

Өз дарынымызды бірге анықтайық!

Ақтөбеде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағыты аясында қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет Ақтөбе қаласы әкімінің «Ақтөбе Дарыны — 2018» байқауы өтеді.

Байқауға 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын кез келген Ақтөбе қаласының тұрғыны қатыса алады. Қатысушылар өз өтінімдерін 15 номинация бойынша жолдай алады.

Байқаудың басты мақсаты — жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жас мамандардың шығармашылық дамуына жағдай жасау. Өтінімдер мамырдың 20-на дейін қабылданады. Кейін іріктеуден өткен қатысушылар әлеуметтік желілерде дауыс қабылдауға орналастырылады, — дейді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Жандос Табылғанов.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау мамыр айының соңына жоспарланған. Өтінімдерді  қабылдау мамырдың 20-на дейін жалғасады.  Құжаттарды  zhastar.premiyasi.2018@mail.ru электронды поштасына және 30 бетті папкада жинақтап Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2, №57 кабинетке тапсыруы тиіс.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button