Рухани жаңғыру

Шалқарлықтар Бауыржан ақынмен кездесті

Облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы,  ақын Бауыржан Бабажанұлы Шалқар ауданындағы оқырманымен кездесті. Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының бірлескен жобасы аясындағы бұл кездесуге ардагерлер, ұстаздар, мектеп оқушылары, жалпы жырсүйер қауым келді.   

Ақын өзінің балалық шағы, өскен ортасы, алдыңғы буын ағалары, үзеңгілес ақын достары туралы қызықты әңгімелер айтты. Өлеңдерін оқып, оқырман сауалдарына жауап берді. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өткізді. Б.Бабажанұлы олардың барлығына бірдей өзінің қолтаңбасы қойылған кітаптарын сыйға тартты.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қорғанбек Исаев мұндай кездесулердің жас ұрпақты адамгершілік, бауырмалдық, әдемілік сынды ізгі қасиеттерге баулуда маңызы зор екенін атап көрсетті. Аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің құттықтау хатын жеткізген орынбасары Жанболат Жидеханов ақынға алғысын білдіріп, иығына шапан жапты, сый көрсетті. Ауыл ақсақалы Оразбай Әділбаев ақпарат саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақын һәм қарымды журналист Бауыржан Бабажанұлына еңбегіне жеміс тілеп, ақ батасын берді.

Қ.ӘЛИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button