Рухани жаңғыру

Гүлжайнардың өлеңдері

Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының бірлескен жобасы аясында Хромтау ауданы Никельтау ауылының тұрғындары С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапxанасының директоры, ақын Гүлжайнар Қалдинамен кездесті. Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен кездесуге келгендер ақын шығармашылығымен танысып, сұрақтар қойды.

Кездесу барысында ақын өлеңдерін автордың өзі де, оқырманы да оқыды. «Шұғыла» шағырмашылық орталығының мүшелері Гүлжайнар Қалдинаның өлеңдерінен музыкалық композиция дайындап апарған. Жұрт риза болысып, ақынның кітаптарын алды.

— Бұл шараға аудандық ішкі саясат, кітапхана мамандары үлкен қолдау көрсетті. «Шұғыла» шығармашылық орталығының мүшелері Бекжан Асанов, Исатай Ізбасарұлы, Сымбат Арынова, Индира Кереевалар сахнада менің өлеңдерімнен музыкалық драма жасақтады. Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы көрме жасақтады, — дейді Гүлжайнар.

Ауыл мектебінің оқушылары ақын өлеңдерін оқып, Мәдениет үйінің жас бишілері өнер көрсетті.  Тұрғындар Г.Қалдинаға сұрақтар қойып, жастар тәрбиесі, рухани жаңғыру тақырыптарында сөз қозғады.

Кеш соңында ауылдың батыр аналары Гүлжайнарға ақ батасын беріп, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Жайнагүл Рақышева, Никельтау ауылының әкімі Нұрлан Әлмұратов, Хромтау аудандық кітапханасының директоры Нұртай Алмасұлы ризашылықтарын білдірді. Ақын өз кезегінде Никельтау ауылдық кітапханасына кітаптарын сыйға тартты.

М. ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button