Денсаулық

Ақтөбеде фотодинамикалық емдеу орталығы ашылады

Ақтөбе медициналық орталығында «Онкологиядағы заманауи тәсіл —фотодинамикалық ем» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Жиынға Ресей, Беларусь елдерінен ғалымдар мен еліміздің әр аймағынан онколог мамандар қатысты.

Онкологиялық ауруларды емдеудің бір әдісі  — фотодинамикалық терапия. Бұл қандай тәсіл? Аталған ем түрі инновациялық технологияға негізделген. Бұндай әдіс кезінде мамандар науқасты ешқандай хирургиялық жолсыз лазерлік сәулемен емдейді. Арнайы фотолон ерітіндісі науқастың денесіне жіберіледі. Ерітінді ісік бар жерге жиналады. Осыдан кейін лазер арқылы ісік жасушалары өлтіріледі. Тек қана қатерлі  емес қатерсіз істікті емдеу үшін де пайдасы зор. Мәселен, жатыр мойнындағы ісіктерді операциясыз емдеуге таптырмас тәсіл. Бұл ем түрі дамыған елдерде біраз жылдардан бері қолданылады. Ресей мен Беларусь елдерінде де осы әдіс енгізіліп жатыр. Ал біздің елге келгеніне көп бола қоймапты.  Оның ішінде  тек қана ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығында  қолданылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, медициналық кластер құрылған аймақ үшін аталған емдеу әдісін енгізудің пайдасы көп.

— Шілде, тамыз айларында  фотодинамикалық аппарат алып медициналық кластер жанынан орталық ашқымыз келеді. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті орындармен келісімшарт жасап жатырмыз, мамандарды оқытамыз, — дейді Әсет Қалиев.

Конференцияда Ресей мен Беларусь және Алматы мен Астана қалаларынан келген ғалымдар емнің тиімділігін түсіндірді, жан-жақты талқылады. Шараның екінші күні Беларусь елінен келген дәрігерлер онкологиялық сырқатқа шалдыққандарды қабылдады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button