Жастар

Асылбек «Айбын» Президенттік полкінде қызмет етеді

Сарбаз

Ақтөбе өңірінен әскер қатарына шақырылған сарбаз Асылбек Абылаев  Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін өтеп жатыр. Бұл әскери бөлім — Елбасының және бірінші тұлғаларының қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым. Мерізімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару — сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік.

— Біздің жеке құрам қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен, әр облыстардан денсаулық жағдайы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік деп танылған жастар таңдап алынды. Жауынгер Асылбек Абылаевтың осы қатардан табылғаны — оның туған өлкесіне, отбасында және мектебінде. Оқу орыны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз, — дейді «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінің командирі Б. Өтеуов.

Аталған әскери бөлімнің командирі  жоғары баға беріп отырған Асылбек — Ақтөбе қаласында туған. Осы қаладағы №52 орта мектептің түлегі. Ақтөбе қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен әскер қатарына шақырылған еді. Қазір ол «Айбын» Президенттік полкінде жауынгерлік борышын өтеуде.

Әскери бөлім командирі  Асылбектің жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге бірінші күннен зор ынтамен кіріскенін айтады. Отанға деген жоғары патриоттық сезімін танытып, қарулас достарына үлгі-өнеге бола білген. Өзіне жүктелген міндеттерді азаматтық жауапкершілікпен, үлкен белсенділікпен атқарады. Сөзі мен ісі қабысқан жауынгердің мінезі де қарапайым.

Ол жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын жақсы меңгерген. Сарбаз командирлерінен үйренген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолдана біледі.

Асылбек қаруластары арасында жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым үздік бағаға орындауымен де ерекше көзге түскен. Өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгерген. Соның нәтижесінде атыс даярлығында үздік көрсеткіштер көрсетіп жүр. Жауынгерлік кезекшілікте әрдайым қырағылық танытып, әскери міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін әскери бөлім тарапынан бірнеше мәрте марапатталған.

— Асылбектей сарбаздың әскери борышын өтеу кезіндегі жетістіктерін оның жерлестері білуі тиіс. Осындай жауынгер тәрбиелеген ақтөбелік ортаға алғысымыз шексіз! — дейді әскери бөлімнің командирі.

Жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беруде, болашақ Отан қорғаушылар ретінде тәрбиелеуде қатардағы жауынгер Асылбек Абылаевтың үлгісі жақсы өнеге.

А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button