Мереке

Қыдыр ата бата берді

Ақтөбе қалалық Мәдениет үйі ғимаратында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Шарада «Драма» үйірмесі «Келін түсіру» салтын көрсетіп, ортада Қыдыр ата жиналған жұртшылыққа ақ батасын берді.

Қоғам мүшелерінің қатысуымен қазақтың ұлттық ойын түрлері — арқан тартыс, білектесуден жарыс ұйымдастырылып, жиналған халық «Қара жорға» биін биледі. Халықтық «Поющие руки» ансамблінің әншілері қол қимылымен ән шырқап, «Жалын» би ансамблі биден шашу шашты.

Шарада сондай-ақ «Ең үздік ұлттық киім», «Ең үздік ұлттық тағам», «Ең үздік ұлттық ойын», «Ең үздік ұлттық салт-дәстүр» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Шара соңында облыстық қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы З.Телеушева, қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйінің директоры Г.Біржанова қоғам мүшелерін

мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Мерекеге келген жұртшылық наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, мәре-сәре болды.

А.АЙДАРОВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button