Жастар

Студенттер балалар үйіне барды

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің тілдер кафедрасының оқытушылары А.Купенова мен Г.Күзембаеваның ұйымдастыруымен облыстық Алға балалар үйінде «Алғыс алған арымас» атты қайырымдылық шара өтті.

Оған жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттері қатысты. Қайырымдылық шараның бірінші бөлімінде баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа 1-курс студенттері мен балалар үйінің командасы қатысты. Ойын өте қызық әрі әсерлі өтті. Балалар үйінің командасы өздерінің аса шеберліктері мен кәсіби дайындықтарының нәтижесінде жүлделі 1-орынға ие болды. Балалардың әрқайсысына алғыс хаттар табысталып, команда кубокпен марапатталды. Шараның екінші бөлімінде студенттер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өз өнерлерін көрсетті. Бишілер ортада қазақ, орыс, сыған билерін билесе, өнерпаздар әсем ән айтып, күй тартты. Концерт соңында ертегілер әлемінен кейіпкерлер келіп, қызықты қойылымдар қойды. Қойылым барысында балалармен ойындар ойнатылып, тәттілер үлестірілді.

А.АЙДАРОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button