Жастар

Жастар көмек қолын созады

Ақтөбеде жасотандық жастар Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетпек.

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы  гуманитарлық көмек көрсету орталығымен бірлесе отырып, «Жақыныңа көмек қолын соз» атты акциясын бастады. Аталмыш акция барысында шығысқазақстандық тұрғындарға көмектесем деген ниет білдіруші «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының (Тургенев көшесі, 86) 0-қабатында орналасқан гуманитарлық көмек көрсету орталығына хабарласа алады.

Апат айтып келмейді. Осындай қиын сәтте отандастарымызға қол ұшын созу бұл барлық ақтөбеліктердің азаматтық борышы деп білеміз. Сондықтан бұл жолғы ұйымдастырып отырған акциямызды қолдаушылар көп болады деген сенімдеміз. Әзірге айтарлықтай көп зат әкелінген жоқ. Дегенмен алдағы уақытта біз жылы киімдер, су етіктер,  гигиеналық заттар, бұзылмайтын консервілер, азық-түліктер қабылдаймыз. Ал ақшалай көмектесем деушілер болса, Өскемен қаласында арнайы есепшот ашылған, соған тікелей аударуларына болады, — дейді «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының консультанты Мұрат Мұстафин.

Көмек қабылдау уақыты: 9.00-ден 18.00-ге дейін. Қосымша ақпарат алу үшін тел: 8-707-670-68-42.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button