Құқық

Зияткерлік меншік жайы талқыланды

Облыстық халық шығармашылығы орталығында облыстық әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Тимур Убишевпен «Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мен реттеу негіздері» тақырыбында кездесу өтті.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндағы мақсат — облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен әділет департаментінің зияткерлік меншікті қорғау саласындағы құқықтық түсіндіру жоспарын жүзеге асыру. Оған мәдениет қызметкерлері мен әуесқой композиторлар қатысты.

— Қазіргі таңда зияткерлік меншік, авторлық құқық бойынша туындап отырған мәселелер, сала мамандарын қызықтыратын сауалдар аз емес. Осыны ескере отырып, біз арнаулы кездесу-лекцияны ұйымдастырып отырмыз. Сол арқылы жиналғандар өздерін толғандырған сұрақтарын сала маманына қойып, тұшымды жауаптарын алды, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Сейталина.

Кездесу барысында Тимур Убишев авторлық және сабақтас құқықтардың жалпы ұғымы мен қағидалары, авторлық құқықты қолдану және қорғау мәселелері, сонымен қатар, аталған құқықтар бұзылған жағдайда заңмен көзделген жауапкершілік туралы толық мәлімет беріп, қатысушылардың сан түрлі сұрақтарына жауап берді.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button