Құқық

Куәгерлерден жауап алынды

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ағайынды төртеу» атты ұйымдасқан қылмысқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр.

Атышулы қылмыстық істі судья Ахметқали Молдағалиев қарап жатыр. Сот процесі ашық түрде жүргізілуде.

Кеше сотта куәгерлер мен осы іске қатысты негізгі фигуранттардың бағыныштыларынан жауап алынды. Олардың бірі  —  айыпталушы Нұрлан Ноғаевтың бұрынғы бағыныштысы болған Жиенбаев.

Белгілі болғандай, Ноғаев бизнесте үлесі бар «ТазаДалаКом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелерінің бірі болған.

Кеше түстен кейін осы іске қатысты Асланбек Меркашев есімді азаматтан жауап алынды. Ол «ТранзитОйлГрупп» мекемесінде механик болып еңбек еткен.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың желтоқсан айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары «Ағайынды төртеу» атты ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтаған болатын. Ауқымды операция еліміздің бірнеше қаласында жүргізілді.

А.НҰРБАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button