Жаңалықтар

Үшжақты комиссия жұмысы қорытындыланып, үздіктер марапатталды

Жақында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалық етуімен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу туралы облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Жиында әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия мүшелері аталған комиссияның  2017 жылғы жұмысын қорытындылап, 2018 жылға жұмыс жоспарының жобасын бекітуді ұсынды. Сондай-ақ,  облыстың әлеуметтік дамуына үлес қосқан кәсіпорындар марапатталды.

Марапатталғандардың арасында «КМК Мұнай» АҚ, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «АЗХС» АҚ, «Қазақ Ойл Ақтөбе» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және басқа да кәсіпорындар бар.

Айта кету керек, желтоқсан айының басында «Парыз» және «Алтын сапа» байқауының және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталған болатын.

Биылғы байқауға  еліміздегі 400 кәсіпорын қатысқан. Оның  40-ы — біздің облыстың  кәсіпорындары. Шара қорытындысында жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталды: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін». «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «KMK Мұнай» компаниясы жеңімпаз атанды.

Біздің компания облыс көлемінде ұйымдастырылған түрлі шараларға өз үлесін қосып келеді. Көктемде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көп көмек көрсеттік. Баспана  алу үшін банктен есепшот ашқан екі жетім балаға 2 жылдан бері көмек көрсетудеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалмайды.

«KMK Мұнай» компаниясы Темір ауданында орналасқан. Сол себепті, аталған ауданның әлеуметтік саласының дамуы үшін біраз шаруа жасап жатырмыз. Мектептердің, балабақшалардың материалдық базасын нығайту үшін қажетті жабдықтарды алып бердік. Сондай-ақ, мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін де қаржылай көмек көрсеттік.

Компанияда 300 адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы — 170 мың теңге, — дейді «KMK Мұнай» компаниясының  вице-президенті Самат Берденов.

Шарада әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссия мүшелері 2018 жылға жұмыс жоспарын бекітті.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button