Жаңалықтар

Айтты, уәдеде тұрады

Меморандум

Отыздан астам бөлшек сауда субъектісі — гипер және супермаркеттер, азық-түлік базарлары мен жергілікті тауар өндірушілер Ақтөбе қаласы әкімшілігімен облыс орталығы тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарт жасасты.

Қала әкімі Ілияс Испановтың атап көрсеткеніндей, бұлайша меморандумдарға қол қою тәжірибесі өзін толық ақтап келеді. Қаланың ірі сауда орындарының басшылары негізгі азық-түлік түрлерінің бағаларын тұрақтандыру жөнінде өздеріне міндеттемелер алды және оларды орындайды. Мұнымен бірге, қазір азық-түлік себетіне кіретін азық-түлік тауарларының ассортименті кеңейе түсуде.

Өз тарапынан әкімдік сауда және өңдеу салаларын қолдаудың барлық мүмкіндіктерін қарастырады. Сауда және өңдеу кәсіпорындарына жаңа объектілер құрылысы үшін дер кезінде жер бөледі. Бұл ретте «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде елеулі жұмыстар жүргізілді. Қазір мұнда 20 мыңның үстінде халық тұрады. Осында «Дина» сауда компаниясы өзінің желісін ұлғайтуда.

Қала әкімі Ілияс Испанов және ірі сауда ұйымдарының басшылары меморандумдарға қол қойды. Оның аясында «Анвар», «Дина», «Сапа маркет» және басқа сауда желілері бар. Олар әлеуметтік маңызға ие азық-түлік түрлеріне саудалық үстемені 10 пайыздан асырмауға уағдаласты.

Осындай міндеттемені «Жаңа-Әлжан ұн комбинаты», «Ақтөбе нан», «Атамекен нан-2000», «Айс плюс», «Сладко», «Анди» жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктері, жылыжай шаруашылықтары мен ет өндірушілер сынды жергілікті тауар өндірушілер де алды. Олар қаланың ішкі базарларын өздерінің өнімдерімен қалыпты түрде жабдықтап отырады.

Өз кезегінде «Алтай», «Анвар», «Арай» сауда базарлары, Орталық базар, «Табыс» пен «Агросервис» сауда желілері де сауда орындарын жалға бергенде, бағаны негізсіз көтермеуге міндеттенді.

Сөз жоқ, билік тарапынан жүргізіліп отырған бұл шаралар азық-түлік бағаларын қалыптастыруға, әсіресе жаңажылдық мереке алдында бағаны тұрақты ұстауға елеулі ықпал жасайды.

А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button